Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 446,03 теңге. 

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?  Фото: inbusiness.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446-452 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Kurs.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 446,03 теңге.

Сонымен қатар, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,03 теңге болды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматы қаласында доллар 446,7-449,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Бұдан бөлек, дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,09 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кету керек, 25 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 446,33 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу