Доллардың күшеюі АҚШ-ты рецессияға ұшыратуы мүмкін

995

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауына қарамастан, халықаралық валюталар долларға ауысып жатыр. 

Доллардың күшеюі АҚШ-ты рецессияға ұшыратуы мүмкін

2019 жылы доллардың нығаюынан АҚШ-та рецессия болуы мүмкін деген болжамдар жиілеп кетті. Егер де доллардың күшеюі сақталып, ЖІӨ өсімі төмендесе, бұл экономиканың қалпына келуіне қиындық тудыруы мүмкін, дейді Bloomberg сарапшылары. 
Экспорт пен инвестиция АҚШ ЖІӨ-нің маңызды бөлшегі саналады. Сондықтан бірқатар трейдерлер елдегі Федералдық қор жүйесі экономиканы құтқару үшін пайыздық мөлшерлемені қайта төмендететінінен үміт артып отыр. 

Сарапшылардың айтуынша, америкалық валютаның нығаюы трансұлттық компаниялардың кірісін азайтып қана қоймай, олардың триллион долларлық қарызын молайтады. Сондай-ақ, бұл құбылыс басқа елдердің экономикасына кері әсер етеді. 

"Егер Құрама Штаттар экономикасының әлсіреп, доллардың нығаюын байқасыңыз, бұл экономиканың құлдырау алдында тұрғанын білдіреді",– деді Америка банкінің сарапшысы Бен Рендол. 

Дегенмен АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауына қарамастан, халықаралық валюталар долларға ауысып жатыр. Өйткені Құрама Штаттар экономикасы қуатты өзге елдерден әлдеқайда алда, яғни ел экономикасының өсімі мен облигациялар кірістілігінің жоғары болуы бұған ықпал етуде, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу