Доллардың қымбаттауы мемлекеттік бюджетті қайта қарауға итермелеуі мүмкін бе?

188

Әлеуметтік және экономикалық болжам бойынша 2024 жылға есептелген шетелдік валютаның орташа курсы – 460 теңге.  

Доллардың қымбаттауы мемлекеттік бюджетті қайта қарауға итермелеуі мүмкін бе? Фото: inbusiness.kz

Қазір шетелдік валюта бағамы 490 теңгеге дейін көтерілді. "Теңге бағамының төмендеуі мемлекеттік бюджеттің қайта қарауына септігін тигізуі мүмкін бе?" деген сұраққа ҚР Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тимур Сүлейменов алдымен доллар бағамының өсу алғышарттарына тоқталып, америкалық валютаға деген сұраныс артқанын алға тартты. 

"Кейінгі кездері, қазан айының басынан бері біз теңгенің долларға қарасты құбылмалығын көріп отырмыз. Мұндай өзгерістер, бірінші кезекте, экономикалық белсенділікпен байланысты: долларға деген сұраныс артты. Қазір импорттық шикізат пен құралдарды қолданумен жасалатын инвестициялық, инфрақұрылымдық, сауда-экономикалық шарттардың қабылданып жатқан шағы, соның нәтижесінде доллар бағамы біршама өсті. 

Екіншіден, АҚШ Орталық банкінің ақша-несие саясаты негізінде доллардың өзі теңге сияқты күшейе бастады. Қазақ айының басынан бастап доллар индексі 6 негізгі валютаға қарасты 2,1%-ға өсті. Сондықтан доллардың жаһандық күшеюі біздің де курсқа әсер етіп отыр. 

Америкалық валютаның өсіміне тағы бір әсер еткен шешім – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын басқарудың тиімділігі мен кірістілігін арттыру шеңберінде біз доллар түріндегі зейнетақы активтерінің үлесін арттыруды қолға алдық. Валюталық активтердің үлесін 40%-ға дейін жеткізу туралы шешім қабылданды, сәйкесінше долларға деген сұраныс одан әрі артты. Қазір біз өз мақсатымызға жеттік, сондықтан әзірге БЖЗҚ үшін доллар сатып алуды тоқтаттық", – деді банк төрағасы.

Тағы бір ескеретіні, үкімет жыл басында Ұлттық қордан қосымша трансферт сұрады. 

"Қазан айында біз рекордтық $1,3-1,4 млрд бюджет қажеттіліктеріне сатамыз. Қазір осы соманың 1/3 сатып үлгердік, айдың соңына дейін қалғанын да өткіземіз. Сәйкесінше аталмыш қаражат жоғарыда айтылған құбылмалылықты тұрақтандыруға жеткілікті деп ойлаймыз", – деп түсіндірді Сүлейменов. 

Үкіметке доллар бағамына қатысты болжамын өзгерту қажеттілігіне келер болсақ, Әлеуметтік және экономикалық болжам бойынша 2024 жылға есептелген шетелдік валютаның орташа курсы – 460 теңге. Қазір бізде орташа жылдық курс дәл сол 460 теңге шамасында шығып тұр, яғни жыл соңынан дейін қатты бір өзгеріс бола қояды деп ойламаймыз. Сондықтан әзірге үкіметке өзгеріс енгізуге ұсыныс білдіру жоспарда жоқ, делінген Ұлттық Банк төрағасы мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу