Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті

Ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444 теңге, сату – 446 теңге. 

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі саудада доллар бағамы өсті.

Доллардың орташа сараланған бағамы 1,12 теңгеге қымбаттап, 443,99 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы долларға 442,68 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444 теңге, сату – 446 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 442 теңгеден сатып алынып, 446 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу