Домбыра күнінде дүниеге келген нәрестелерге ұлттық аспап тарту етілді

1887

Мұндай акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрге айналдырды.  

Домбыра күнінде дүниеге келген нәрестелерге ұлттық аспап тарту етілді

Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға ассамблея мүшелері мен қоғамдық келісім кеңесі және этномәдени бірлестіктер атсалысты. Олар Елордадағы перзентханаларды аралап, ана мен баланы құттықтап, сый құрмет жасады, деп хабарлайды 24.kz.

"Жыл сайын қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен перзентханаларға барып, бүгінгі күні алғашқы туған перзенттерге домбыра ұсынамыз. Болашақта бұл балалар еліміздің нағыз азаматтары болып өссін дейміз. Домбыраға ие болған балалардың өмірлерін зерттеп, болашақта өзіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясына қосамыз деген ойдамыз",–дейді қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу