Домбыра сындырған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

328

Ақтауда кәмелетке толмаған жеткіншектің домбыраны сындырған видеосы әлеуметтік желіге тарады.

Домбыра сындырған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды Фото: Inbusiness.kz

Полицейлер жасөспірімнің ата-анасын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап.

Баланың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ақтау қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі ата-анаға қатаң ескерту жасап, мұндай әрекетке жол бермеу керек екенін айтты. Қоршаған ортаға ұқыптылық және жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу