"Нұр-Сұлтан қаласында өткен педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің "Музыка" пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді. Кейбір БАҚ өздерінің ақпараттық материалдарында мектепте "Домбыра тартуды үйрену" атты жаңа пәннің енгізілетінін айтқан. Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 6-сыныптарға оқытылатын "Музыка" пәнінің мазмұны", - дейді академиядан.
Яғни егер қажетті ресурстар бар болса, осы сынып оқушылары "Музыка" пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу.