Жас режиссер Рамазан Халиолланың қысқаметражды "Домбыра" фильмі Нью-Дели қаласында өткен 8-ші Халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде (Delhi Shorts International Film Festival) "Үздік фильм" жүлдесін жеңіп алды.
Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген бұл фильм домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірін баяндайды.
Айта кетсек, аталған кинотуынды биыл Алматыда өткен IV Халықаралық Baiqonyr ISFF кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, "Бродвейдің таңдауы" сыйлығын алған болатын.