Домбыраға деген қызығушылық шет елдерде де арта түседі – Қасым-Жомарт Тоқаев

649

Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездескен кезде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Домбыраға деген қызығушылық шет елдерде де арта түседі – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Біздің мәдениетіміз туралы жылы лебіздеріңіз үшін, әсіресе домбыра туралы пікіріңіз үшін қазақ халқы сізге ризашылығын білдіреді. Қазір бүкіл басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары сіздің сөзіңізді жазып жатыр.

Барлығы Рим Папасы қазақ мәдениетінің, соның ішінде біздің ұлттық аспабымыз – домбыраның ең үздік насихатшысы деп айтып жүр.

Қазір бұл жастар мен балалар арасында өте танымал. Сіздің сөздеріңізден кейін домбыраға деген қызығушылық тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де арта түседі деп ойлаймын", – деп Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу