Домбыраны ұшақта алып жүру мәселесі қашан шешілуі мүмкін?

154

Құзыретті орган бұл мәселені жан-жақты пысықтап жатыр. 

Домбыраны ұшақта алып жүру мәселесі қашан шешілуі мүмкін?

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев домбыраны әуе көлігімен тасымалдау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Азаматтық авиация комитетінің музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыраны тасымалдау мәселесін заңнамалық тұрғыда реттеу мәселесін пысықтап жатыр.

"Меніңше, жуырда жолаушыларды, жүктер мен багажды тасымалдау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізіледі. Бұл жолаушыларға музыкалық аспаптарды қалай тасымалдау керектігін және қандай рәсімдер қолданылатынын нақты әрі түсінікті ету үшін қажет. Нақтырақ айтсам, бұл шешім бір ай ішінде қабылданады", – деді Талғат Ластаев.

Вице-министр бұл барлық әуе компанияларына қатысты болатынын атап өтті. Оның сөзінше, қоғам тарапынан сұраныс бар.

Талғат Ластаев азаматтарға музыкалық аспаптарды ұшақ салонында алып жүруге рұқсат етіле ме деген сұраққа да пікір білдірді.

"Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Бұл аспаптың көлеміне байланысты. Сондай-ақ алдын ала хабарлау тәртібіне де мән береміз", – деп жауап берді спикер.

Белгілі болғандай, оң шешім қабылданған жағдайда, мамыр айынан бастап музыкалық аспаптарды ұшақ бортында тасымалдауға рұқсат берілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу