"Доменін қазақша жазбайтын мемлекеттік органдар бар"

926

Ұлттық кеңес мүшесі қазақ тілін интернетте қолданудың талаптарын бекітуді ұсынды.

"Доменін қазақша жазбайтын мемлекеттік органдар бар"

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асхат Садырбаев мемлекеттік тілдің инетернеттегі қолдану аясына қатысты мәселе көтерді. 

"Мемлекеттік тілдің қолдану аясы туралы бірқатар ойларды ұсынғымыз келеді. Соның ішінде назарымызды мемлекеттік тілдің интернеттегі репрезентациясына аударсақ деймін. Кейбір мемлекеттік органдар мен квазимемлеттік компаниялар интернет сайттарының қазақша нұсқаларына басымдық бермейтіні, тіпті, әлеуметтік желілердегі парақшаларында да қазақша жазуға келгенде құлықты емес екенін көріп, байқап жүрміз. Тіпті, кейбір мемлекеттік органдардың домендік атауы мемлекеттік тілде жазылмаған", – деген Асхат Садырбаев жеке компаниялардың бұл іске немқұрайды қарайтынын айтты.

"Еліміздің әртүрлі ірі халықаралық және жергілікті компанияларының интернет сайттарынан да,  әлеуметтік желідегі парақшаларынан да  мемлекеттік тілге жеткілікті көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады... Интернеттегі тіл мәселесіне көңіл бөлініп, мемлекеттік тілге қатысты талап қойылып, әлгі сайттар мемлекеттік тілде жұмыс істесе, тілдің  қолдану аясы әлдеқайда кеңейіп, ана тіліміздің дамуына үлкен оң әсерін берер еді", – деді Ұлттық кеңес мүшесі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу