Санто-Домингода Доминикан Республикасының Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қою салтанаты өтті.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық тараппен келісімге қол қоюына Қазақстанның Канададағы және Доминикан Республикасындағы елшісі Константин Жигалов қатысты. Доминикан тарапынан сыртқы істер министрі Мигель Вергас пен Ұлттық секция комиссары Ханс Данненберг қатысты.
Өз сөзінде К.Жигалов Астана ЭКСПО-2017 жылы өтетін көрмеге ауқымды дайындық жүріп жатқанын айтты.
Қазақстан елшісі М.Варгасаны Қазақстанға көрмеге қатысуға орай алғашқы сапарцын жасауды ұсынды.
Өз кезегінде М.Варгас Доминикан Республикасы Қазақстанды өңірдегі энергетика саласында ынтымақтастық жүргізетін негізгі серіктес ретінде қарастыратындығын жеткізді. Доминикан Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы "жасыл энергетика" саласында тәжірибе алмасып қана қоймай, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланысты арттыруға мүмкіндік береді.