Доминикана Республикасында нөсер жауын салдарынан су тасып, көшкін жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен демалыс күндері Доминикана Республикасында жауған нөсер жауын мен су тасқынынан 20-дан астам адам мерт болды, олардың арасында 3 бала бар.
Ел бойынша 13 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 32 провинцияның басым бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.
Тропикалық нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, инфрақұрылым бүлінді. Мемлекет астанасы Санто-Домингода жексенбі күні көлік тоннелінің қабырғасы құлады. Адамдар көліктерінен шыға алмай қалып, 9 адам мерт болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу