Дональд Трамп АҚШ-та 8 мамырды Жеңіс күні деп жариялады

238

Ақ үй билігі жақын арада тиісті түзетулер енгізбек. 

Дональд Трамп АҚШ-та 8 мамырды Жеңіс күні деп жариялады Фото: BBC

АҚШ Президенті Дональд Трамп 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп белгіледі.

Бұл туралы америкалық көшбасшы Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің көптеген одақтастарымыз бен достарымыз 8 мамырды Жеңіс күні ретінде тойлайды. Десек те, біз Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жету үшін өзге елдерден айтарлықтай көбірек үлес қостық. Осыған орай мен 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні, ал 11 қарашаны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялаймын", - делінген Трамптың мәлімдемесінде.

Дональд Трамп АҚШ-тың екі соғыста да жеңіске жеткенін баса айтты.

"Біз жеңістерімізді қайтадан тойлай боламыз!", - деді АҚШ басшысы.

Айта кететіні, Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы 2 қыркүйекте Жапонияның капитуляция туралы актіге қол қоюымен ресми аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу