Дональд Трамп: АҚШ-та рецессия болмайды

828

 Трамп келесі жылы қаржы нарығындағы жағдай жақсарып, кірістің артатынына сенімді.

Дональд Трамп: АҚШ-та рецессия болмайды

АҚШ-та рецессия болмайды. Трамп осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Тағы бір мәрте сайлауға түскісі келген президент Америка экономикасына шаң жуытар емес. Ол келесі жылы қаржы нарығындағы жағдай жақсарып, кірістің артатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейін, сала мамандары қыркүйек айында АҚШ-та дефолт болуы мүмкін деген болжам жасаған.

"Рецессия болмайтынына сенімдімін. Шынымен қаржы нарығындағы жағдайға алаңдағанбыз. Өткен аптадағы көрсеткіштердің нашар болғаны рас. Дегенмен, екінші жартыжылдық қорытындысына жасалған болжам жағымды. Сол себепті құрдымға кеттік деп шу көтеруге еш негіз жоқ",– дейді АҚШ президентінің экономикаға жауапты кеңесшісі Ларри Кудлоу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу