Дональд Трамп АҚШ-тың арнайы қызметтерін қысқартатынын айтты

1081

Дональд Трамп АҚШ-тың арнайы қызметтерін қысқартатынын айтты

Американың жаңа сайланған президенті, миллиардер Дональд Трамп орталық барлау басқармасының (ОББ) орталық аппаратын қысқартуды жоспарлап отыр. Бірақ әлем бойынша қызметкерлер санын арттырмақ. Мақсат барлау саласын ықшамдап, саясиландырып, олардың өзара байланысын нығайту, деп жазады дереккөзге сүйенген reactor.inform.kz.

Жоспарлар жобасын дайындауға Пентагонның барлау басқармасының бұрынғы басшысы Майкл Флинн мен Майк Помпео атсалысып жатыр.
 
Алдағы уақытта Майкл Флинн Трамп әкімшілігінде ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші қызметіне, ал Майк Пампео ОББ басшысы қызметіне тағайындалмақ.
 
Трамп Обама әкімшілігі санкцияларының дұрыстығын бағалау үшін арнайы қызметтер тарапынан жасалған кибершабуылдар туралы ақпаратты алуға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу