Дональд Трамп АҚШ-тың жеті штаттағы сайлауалды жарыста Джо Байденнен озып келеді

472

Американың бұрынғы президентінің танымалдылығы артып, елдің қазіргі көшбасшысын басып озды. 

Дональд Трамп АҚШ-тың жеті штаттағы сайлауалды жарыста Джо Байденнен озып келеді  Фото: Getty Images

Bloomberg агенттігінің жаңа сауалнамасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауалды жарыста жеті негізгі штатта Джо Байденнен алда келе жатқанын көрсетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты USA Today басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбі күні жарияланған Bloomberg News/Morning Consult Pro сауалнамасы Дональд Трамп Солтүстік Каролина (11 пункт бойынша), Джорджия (7 пункт бойынша), Висконсин (6 пункт бойынша), Невада (5 пункт бойынша), Мичиган (4 пункт бойынша), Аризона (3 пункт бойынша) және Пенсильванияда (бір пункт бойынша) Джо Байденнен озып келе жатқанын дәлелдеді.

Сонымен қатар, сауалнама әр штаттағы тоғыз сайлаушының алтауы 2024 жылы кімге дауыс беретіні туралы шешім қабылдағанда үміткерлердің экономика мен денсаулық сақтау саласындағы мақсатына баса назар аударатынын алға тартты.

Айта кетсек, Дональд Трамп экономика бойынша көш бастап келе жатқанымен, Джо Байден негізгі жеті штаттың бесеуінде бұрынғы президенттен денсаулық сақтау саласы бойынша озып келеді.

Жалпы, сауалнама 27 қараша мен 6 желтоқсан аралығында жүргізілді және статистикалық қателік көрсеткіші шамамен үш пайызды құрайды.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланған.  

Сондай-ақ, Дональд Трампқа сайлауға қатысуға рұқсат берілді.

Ал осыған дейін, Америка конгресі өкілдер палатасының сот комитетінің басшысы Байденге импичмент жариялау туралы шешім 2024 жылдың басында қабылданатыны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу