Дональд Трамп алаяқтық үшін кінәлі деп танылды

440

Нью-Йорк штатының соты АҚШ-тың экс-Президентін өзінің отбасылық холдингі Trump Organization активтерінің сомасын несиелер мен сақтандыруларға заңсыз үнемдеу мақсатында әдейі асырып көрсеткені үшін кінәлі деп тапты.

Дональд Трамп алаяқтық үшін кінәлі деп танылды Фото: Reuters

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп тиімді шарттармен несие алу мақсатында активтерінің құнын және оның байлығының мөлшерін заңсыз көтеруге байланысты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі, деп жазады inbusiness.kz.

Мұндай шешімді 26 қыркүйек, сейсенбіде Нью-Йорк штатының сотының судьясы Артур Энгорон 2022 жылдың қыркүйегінде штаттың Бас прокуроры Летиция Джеймстің бұрынғы мемлекет басшысына және оның үш үлкен баласына: Эрик Трампқа, кіші Дональд Трампқа және Иванка Трампқа берген азаматтық талабы бойынша қабылдады. Бүгінгі күні Иванка Трампқа қарсы арыз алынып тасталды.

26 қыркүйектегі сот шешімі Трамптың ойсырата жеңілгенін білдіреді және 2 қазанда басталуы жоспарланған негізгі сот ісі жауапкер төлеуі тиіс залалдың өтемақы мөлшері туралы мәселеге байланысты болып отыр, деп хабарлайды Reuters.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу