Дональд Трамп Алькатрас түрмесін қайта іске қосуды тапсырды

90

Мұнда Американың ең қатыгез, қауіпті қылмыскерлері жазасын өтейді.  

Дональд Трамп Алькатрас түрмесін қайта іске қосуды тапсырды Фото: thehill.com

АҚШ президенті Дональд Трамп әділет және ішкі қауіпсіздік министрлігіне Сан-Франциско шығанағындағы атышулы Алькатрас түрмесін қалпына келтіруді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Абақты 1963 жылы жабылған еді. Мұнда ең жауыз қаскөйлер қамалған болатын. Қазір бұл жер Сан-Францискодағы танымал туристік орындардың бірі болып есептеледі.

Жексенбі күні өзінің Truth Social сайтындағы жолдауында президент Трамп: "Америка ұзақ уақыт бойы қатыгез, зорлық-зомбылық және қайталанатын қылмыскерлердің азабын тартты. Бір кездері АҚШ-тың ең қатал түрмелерінің бірі ретінде танымал болған Алькатрастың қайта ашылуы "заңның, тәртіптің және әділеттің символы" болады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу