Дональд Трамп: Биткоин мен криптовалюта ақша емес

1280

АҚШ президентінен бөлек федералдық сақтық қоры жүйесінің басшысы, Францияның қаржы министрі және елдегі орталық банк басшылары да Libra-ның енгізілуін қолдамайтынын білдірді.

Дональд Трамп: Биткоин мен криптовалюта ақша емес

АҚШ президенті Дональд Трамп биткоин және Facebook ұсынған Libra валютасын сынға алды. Ақ үй басшысы мұндай компаниялардың банктік операцияны жүзеге асыруға құқық беретін құжат алып, банк ретінде тіркелу керектігін алға тартып отыр.

Сондай-ақ ол криптовалютаны да ұнатпайтынын өзінің Тwitter-дегі парақшасында мәлім етті.

"Мен Биткоин және басқа да криптовалюталарды ұнатпаймын, ақша деуге келмейді. Өйткені олардың құндылығы тұрақсыз", – деп жазды Трамп.

Әзірге Facebook өкілдері, Ақ Үй мен елдің қаржы министрлігі Трамптың бұл жазбасына ресми түрде жауап қайтармады.

АҚШ президентінен бөлек федералдық сақтық қоры жүйесінің басшысы Джером Пауэлл, Францияның қаржы министрі және елдегі орталық банк басшылары да Libra-ның енгізілуін қолдамайтынын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Facebook Libra деп аталатын жаңа валютаны жарыққа шығаратынын жариялаған болатын. Компания басшылығының көздегені –осы валюта арқылы халықаралық төлемдерді жеңілдету. Жаңа төлем жүйесінің жұмысын 27 компания біріккен Libra Associations консорциумы қадағалайды деп жоспарланып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу