Дональд Трамп: Иранмен әрі қарайғы оқиға драмаға толы болуы мүмкін

АҚШ президенті кезекті рет мәлімдеме жасады.        

Дональд Трамп: Иранмен әрі қарайғы оқиға драмаға толы болуы мүмкін Фото: REUTERS/Evelyn Hockstein

Трамп қос ел арасындағы келіссөздер тағдырына алаңдаушылық білдіріп, тіпті Иранға қоқан-лоққы да жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, егер тараптар жақын уақытта жаңа келісімге келмесе, жағдай ушығады. Тіпті оқиғалар "драмаға толы" сценариймен өрбуі де ықтимал.

Мұндай оқиға болмас үшін Тегеран келіссөз үстеліне жедел оралуы керек.

– Бізге келісімге келу керек. Өйтпесек, әрі қарай оқиға драмаға толы болмақ. Мен оны қаламаймын, сондықтан оларға бізбен келісім жасасу керек. Иран бір рет бізбен келіссөзден жалтарды, ақырында "Түнгі балға" операциясын көрді. Егер келісім жасаспаса, ендігісі Иран үшін тым ауыр болмақ. Соңғы шешімді мен қабылдаймын, – дейді ол.

Әлбетте, Вашингтон үшін негізгі мақсат – Иранның ядролық және әскери белсенділігіне шектеу қоятын нақты әрі қатаң келісім жасау.

Қазір халықаралық қауымдастық жағдайдың қалай өрбитінін жіті бақылап отыр. Бір тарап келіссөзге қайта оралу қажеттігін айтса, екіншісі өз ұстанымынан бас тартпайтынын аңғартады.

Сондықтан, сарапшылар "алдағы кезеңде дипломатиялық келісім жасала ма, әлде қысым мен қарсы әрекеттер жалғаса ма?" деген сұраққа бас қатырып, ашық талқылауға әлдеқашан кірісіп кетті.

Ал Трамптың әлгі мәлімдемесін "АҚШ-тың Иранға қатысты бұрыннан қолданылып келе жатқан қатаң қысым саясатының қайта жандануы" деп қарастыратындар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу