Дональд Трамп Катарды терроризмді қаржыландырушы ел деп есептейді

890

Дональд Трамп Катарды терроризмді қаржыландырушы ел деп есептейді

АҚШ Президенті Дональд Трамп "Катар терроризмді өте жоғары деңгейде қаржыландырып келген" деп айыптады және мұны дереу тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Парсы шығанағы елдерін Катар блокадасын әлсіретуге шақырған еді. Себебі ол Қазақстан мен басқа да елдерде тыйым салынған "Ислам Мемлекет" террорлық ұйымымен күреске кедергі.

Одан бөлек, Тиллерсон Катардың оқшаулануы іскерлік және сауда қатынастарына кері әсерін тигізіп, ал елдің қарапайым тұрғындарына зиян келтіретінін айтты. Сонымен бірге ол Катар Әмірі терроризмді қаржыландыруды біршама тоқтатқанын, бірақ әлі де бұл бағытта жұмыс істеуі керектігін жасырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу