Дональд Трамп криптовалютаны "апат" деп атады

689

Бұған дейін де экс-президент мұндай валютаға қарсы екенін мәлім еткен еді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп криптовалютаға салым жасау апатпен парапар деп атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Fox Business арнасына сілтеме жасап. 

Дональд Трамп криптовалютаны "апат" деп атады

Трамп криптовалюталардың "жанкүйері еместігін" және биткоиндерге немесе оның аналогтарына инвестиция салмайтынын мәлім етті.

"Маған АҚШ валютасы ұнайды", – деді Дональд Трамп.

Ол криптовалютаға инвестиция құю америкалық экономикаға зиян тигізеді деген пікірде. Сондықтан ол азаматтарды ақшаны долларда сақтауға үндеді. Трамптың пікірінше, доллар әлемнің негізгі валютасы болуы керек.

Биткоин мен басқа да криптовалюталар АҚШ-тың қаржы жүйесінде реттелмейді. Бұрынғы мемлекет басшысы бұған дейін мұндай валютаға қарсы екенін жариялаған еді. Маусым айында ол тіпті биткоинді "алаяқтық" деп атады. 

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің әкімшілігі, керісінше, криптовалютаны қолдайды. Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияның басшысы Гари Генслер криптовалюталармен жүргізілетін сауданы реттеу қажет екенін айтқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу