АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың денсаулық сақтау саласындағы бағдарламасын өзгертуге арналған заң жобасына дауыс беру кейінге шегерілді. Мұндай шешім Ақ үй басшысы мен өкілдер палатасының спикері Пол Райан келісімінен кейін жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.
Дональд Трамп жаңа жобаның күшіне енуі үшін конгрестен қажетті дауыс жинай алмайтынына көзі жеткеннен кейін осындай қадамға барып отыр. Тіпті өз партияластарының да бір бөлігі қарсы.
Дегенмен президент сайлауалды бағдарламасында берген уәдесін орындауға ниетті. Сөйтіп жаңа жобаны қайта әзірлеп, денсаулық сақтау саласында реформа жүргізетінін жариялады.
"Біз жеңіске сәл ғана қалдық. Бірақ демократиялық партиядан бізді бірде-бір адам қолдаған жоқ. Сондықтан жаңа жобаны қабылдау қиынға соқты. Бірақ осы күнге дейін айтып жүргенімдей, Обамакэйа өзімен-өзі құриды. Өйткені барлық штатта осы жүйенің кесірінен үлкен қиындық болып жатыр", – дейді Дональд Трамп.