АҚШ президентінің Twitter желісіндегі аккаунты Дональд Трампқа берілді. Қырық бесінші президент қолына пароль тие салысымен, экс-президент Барак Обаманың @POTUS парақшаcына бұрын-соңды жазған барлық твитін өшіріп тастады, деп хабарлайды 24.kz.
Сондай-ақ @FLOTUS және @WhiteHouse парақшалары сәйкесінше, АҚШ-тағы Бірінші ханым мен президенттің жаңа әкімшілігіне берілді.
Естеріңізге сала кетсек, таяуда Дональд Трамп ант қабылдап, АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу