Дональд Трамп өзін сынайтын телеарналарды лицензиясынан айыруды ұсынып отыр

397

Бұл ұсыныстың іске асуы не аспауы белгісіз. 

Дональд Трамп өзін сынайтын телеарналарды лицензиясынан айыруды ұсынып отыр Фото: BBC

АҚШ президенті Дональд Трамп ABC телеарнасының эфирінен Джимми Киммелдің кешкі бағдарламасы алынып тасталғаннан кейін өзін сынайтын телекомпаниялардың лицензиясын алып қоюды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы BBC жазды.

"Телеарналардың 97%-ы маған қарсы болғанын көзім шалып қалды. Тағы да айтайын, 97% теріс пікір болды. Алайда мен бәрібір жеңдім. Жеті даулы штатты қоса алғанда жеңіске жету оңай болды", – деді Трамп Ұлыбританиядан қайтып келе жатқан кезде. 

Ақ үй басшысының айтуынша, БАҚ оны тек теріс жағынан көрсеткісі келеді.

"Олар лицензия алып отыр. Меніңше, олардың лицензиясын қайтарып алу керек шығар. Бұл мәселені  Брендан Карр шешеді", – деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Disney корпорациясына тиесілі ABC телеарнасы комик Джимми Киммелдің кешкі бағдарламасын белгісіз мерзімге эфирден алып тастаған болатын. Бұл шешім оның Трамптың Чарли Кирк өліміне қатысты реакциясы мен президенттің жақтастары туралы айтқан "банда" деген сөздерімен байланыстырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу