Дональд Трамп Ресейге ресми шақырту алды

132

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трампты Ресейге ресми түрде шақырғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамп Ресейге ресми шақырту алды Фото: sputnik-georgia.ru

Сергей Лавровтың сөзінше, бұл ұсыныс екі ел басшыларының Аляскадағы кездесуінде айтылған.

"Оған шақырту жіберілді. Аляскада өткен баспасөз мәслихатында Путин бұл шақыртуды растады, ал Дональд Трамп, егер қателеспесем, бұл өте қызықты деп атап өтті", – деді ол.

Бұл шақырту Аляскадағы Путин мен Трамп арасындағы саммит соңында айтылған "Next time in Moscow" деген әзілге негізделген болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу