АҚШ президенті Дональд Трамп 2 наурызда Ресейдің Украинаға қатысты саясатына байланысты салынған санкция мерзімін тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлайды kursiv.kz.
Ресей билігінің Украинаға қатысты саясаты әлі де Құрама Штаттардың сыртқы саясат мүдделеріне, ұлттық қауіпсіздігіне ерекше және төтенше қауіпті деп саналып отыр.
Ақ үйдің уәжіне сүйенсек, Ресей Федерациясы билігінің жүргізіп жатқан әрекеті мен саясаты, Қырымға мақсатты түрде бағытталған басқыншылығы, Украинада күш қолдануы ол елдің демократиялық процестер мен институттарды талқандаудын жалғастырып отыр. Осылайша әлемнің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына қауіп төндіруде.
Еске сала кетсек, Барак Обама 2014 жылдың наурыз айында Ресейге қарсы санкция енгізген болатын. Енді құжат 2019 жылдың 6 наурызына дейңн ұзартылды.