Дональд Трамп сайлауалды науқанына оралды

578

Оның дәрігері мемлекет басшысының коронавирус дертінен жазылғанын айтты.

Дональд Трамп сайлауалды науқанына оралды

Коронавирус дертінен айыққан АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауалды науқанын жандандырып, жақтастарының алдында сөз сөйлеуін бастайтынын мәлім етті. Бұған дейін Республикалық партия атынан сайлауға түсетін үміткердің сайлау штабы Ақ үй басшысы саяси доданың алдында елдің түкпір-түкпіріндегі жақтастарымен көбірек кездесетінін айтқан болатын. 

Трамптың дәрігері Шон Конлидің сөзінше, соңғы бірнеше күн ішінде Трамптың ағзасынан коронавирус анықталмады. Ол президенттің сау екенін, басқаларға вирусты жұқтырмайтынын жеткізді. 

Еске сала кетсек, Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның қауіпті ауруға шалдыққаны қазанның басында белгілі болған еді. Ол бірнеше күн Уолтер Рид атындағы госпитальда ем қабылдады, 5 қазанда ауруханадан шығарылып, жұмысына кірісті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу