АҚШ-тың сайланған президенті республикалық Дональд Трамп өзінің президенттік сайлау науқанына 322 млн доллар, ал оның қарсыласы – Демократиялық партия өкілі Хиллари Клинтон 565 млн доллар жұмсаған. Бұл туралы АҚШ-тың сайлау жөніндегі федералдық комиссиясына сілтеме жасап Reuters хабарлайды.
Оның мәліметі бойынша, Трамп өз науқанына 66 млн долларды жеке қаражатынан жұмсаған. Клинтон ханымның сайлау қоры шамамен 581 млн долларды құрады.
Қазіргі таңда Дональд Трамп Ақ үйдің жаңа құрамын іріктеумен айналысуда. Ол бұл істе де сайлауалды жарыстағыдай, төтен шешімдерге баруда. Ал одақтастардан қол үзбеуге және Ресейге қысым жасауды одан әрі жалғастыра беруге шақырған Трамп мырзаның ұстанған сыртқы саясаты қызу талқыға салынуда.