Дональд Трамп Сирияға қарсы әуе соққыларын бастауға бұйрық берді

901

Дональд Трамп Сирияға қарсы әуе соққыларын бастауға бұйрық берді

АҚШ әскері Дамаск маңындағы Меззе аэродромы мен Касьюн тауы жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің базасын атқылады, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ Сирия астанасының солтүстігіндегі ғылыми-зерттеу орталықтарына да шабуыл жасалған. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жарияланған жоқ.

Айта кетейік, АҚШ Сирия билігін Дума қаласында химиялық қару қолданды деп айыптап, осындай қадамға барып отыр. Салдарынан ондаған адам қаза тапты. Батыстық елдердің басшылары бұған жергілікті биліктің тікелей қатысы бар деген пікірде. Алайда Сирия билігі өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Айта кететін жайт, Франция мен Ұлыбритания өкілдері бұл операцияға қатысып жатқанын ресми түрде растады.

"Кеше мен АҚШ-тың қарулы күштеріне Сирияны шабуылдауға бұйрық бердім. Қазір бұл операцияны Ұлыбритания және Францияның қарулы күштерімен бірлесе жүргізіп жатырмыз. Асад режимі химиялық қаруды қолдануды доғармайынша, біз шабуылдауды тоқтатпаймыз", - дейді Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу