Дональд Трамп "ұшатын сарайға" қызығып отыр

212

Бүгінде бұл мәміле заңдық тұрғыдан қаралып жатыр. 

Дональд Трамп "ұшатын сарайға" қызығып отыр Фото: ERR

Ақ үй Қатар корольдік отбасымен Boeing 747-8 ұшағын уақытша пайдалануға алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

BBC жазуынша, келіссөздер оң нәтижесін берген жағдайда бұл ұшақ Трамптың президенттік борты ретінде қолданылуы мүмкін. Кейін Boeing 747-8  президенттік кітапханаға сыйға тартылуы мүмкін екені де айтылады.

Қатар ұшақтың сыйлық болатынын жоққа шығарды. Олардың ақпаратына сәйкес, әуе кемесі уақытша пайдалануға ғана беріледі.

Бұл ақпарат Ақ үй басшысының Қатарға сапары аясында жария болды. Қазіргі таңда Қатар Қорғаныс министрлігі мен Пентагон арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ұшақ АҚШ-қа берілген күннің өзінде Ақ үй оны бірден пайдаланбауы мүмкін. Себебі әуе кемесін қайта жабдықтау қажеттігі туындайды.

Ақ үй өкілі Каролин Левитт бұл мәселе заңдық тұрғыдан қаралып жатқанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда АҚШ президенті Air Force One екі бортын пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу