АҚШ Президенті Дональд Трамп украиналық әріптесі Владимир Зеленскийді қатты сынап, оның елдегі рейтингі төмен әрі соғысты тоқтата алмай отыр деп екінші мәрте айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Украинаға көмекке АҚШ Еуропадан 200 миллиард долларға көп қаражат жұмсады, бірақ Еуропаға ақшасы "кепілдендірілген", ал АҚШ ештеңе алмайды. Владимир Зеленский "түскен ақшаның жартысын жоғалтты" деді, ол.
Ақ үй басшысы Украина президентін сайлау өткізуден бас тартқаны үшін де айыптап отыр. Дональд Трамп украиналық сауалнамалар бойынша Зеленскийдің рейтингі өте төмен екенін айтады.
"Сайлау өткізбей отырған диктатор Зеленский жылдам әрекет етуі тиіс, әйтпесе елінен айырылып қалуы мүмкін. Біз Ресеймен соғысты тоқтату бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз, себебі барлығы да бұл мәселені Трамп пен Трамптың әкімшілігі ғана шеше алатынын мойындап отыр", - деді Дональд Трамп.
Әскери жағдай режимі енгізілген Украинада сайлау өткізуге тыйым салынған.