Кейіннен Ақ үй Трамптың іс-әрекетінде ешқандай әбестік жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға АҚШ президенті Детройттағы Ford зауытына барған кезде тіркелген. Топ болып тұрған жұмысшының бірі оған "педофильдердің қорғаушысы" деп айғайлайды. Америка көшбасшысы жауап ретінде ортаңғы саусағын шошайтқан.
Көп уақыт өтпей Трамқа қарсылық танытқан Ти Джей Сабула жұмыстан шығарылған. Оқиғадан соң бір тәулік өтер-өтпестен GoFundMe платформасында Сабулаға 27 мыңнан аса адам 700 мың доллар жинап бергені мәлім болды.
The Washington Post газетіне сұхбат берген Сабула айтқан сөзіне өкінбейтінін нақтылаған. Оған жыныстық қылмыстар жасағаны үшін сотталып, жан тапсырған Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты Трамптың ұстанымы ұнамаған көрінеді.
Еске салайық, қоғамда АҚШ президентінен Эпштейн ісінің тергеу қорытындысын толық жариялауды талап ететіндер баршылық.