Дональд Трампқа Макронның НАТО туралы пікірі ұнамады

712

Ақ үй жетекшісі ұйымға АҚШ-тың қазынасынан басқаларға қарағанда көп қаржы бөлініп жатқанына алаң. 

Дональд Трампқа Макронның НАТО туралы пікірі ұнамады

Трамп НАТО саммитінің жұлдызы болды. Жиналғандарды әдеттегідей аузына қаратқан ол альянсқа мүше елдер жарна көлемін екі есе арттыруы қажет. Яғни, оны Жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына дейін көтеру керек деп ұсыныс жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

­­Ақ үй жетекшісі ұйымға АҚШ-тың қазынасынан басқаларға қарағанда көп қаржы бөлініп жатқанына алаң. Оған Макронның "НАТО-ның дәурені бітті" деген пікірі ұнамады. Трамптың пікірінше, ішкі мәселелерін шеше алмай отырған Франция альянсқа мұқтаж. 

"Егер күні ертең бірдеңе бола қалса, біз оларды қорғауымыз керек. Бұл – әділетсіздік. Сондықтан олар да ақша шығаруы керек. Ертең Германиямен осы мәселені талқылаймыз. Олар қаржы шығарады. Егер қарсы шыққандар болса, сауда қатынастарына қатысты бірдеңе жасауға тура келеді.  2 пайыз деген – өте төмен көрсеткіш. Оған да жетпейтіндері бар", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу