Дональд Трампқа тағы қастандық жасалмақ болды

225

Трамптың өкілі Стивен Ченг экс-президент қауіпсіз жерде екендігін мәлімдеді.

Дональд Трампқа тағы қастандық жасалмақ болды Фото: 45office.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған.

Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деп атап өтті Ченг.

Белгілі болғандай, екі адам Уэст-Палм-Бичтегі Trump International Golf Course-тің маңында атысқан. Олар бір-бірін көздеген, оқ Трампқа бағытталмаған деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу