Дональд Трамптың "Бейбітшілік кеңесі" ресми түрде құрылды

141

Жарғы ресми түрде күшіне енді.

Дональд Трамптың "Бейбітшілік кеңесі" ресми түрде құрылды Фото: Ақорда

АҚШ президенті Дональд Трамп Давоста "Бейбітшілік кеңесі" құрылғанын ресми түрде жариялады. Бейсенбі күні жаңа ұйымның құрылтай құжатына қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

"Жарғы ресми түрде күшіне енді. Бейбітшілік кеңесі енді ресми түрде құрылған халықаралық ұйымға айналды", – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт.

Құжатқа қол қою рәсіміне АҚШ-ты есептегенде, барлығы 19 елдің көшбасшылары қатысты. Атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Индонезия және Мажарстан басшылары бар. Кеңеске қосылуға келісімін берген кейбір мемлекеттердің президенттері рәсімге қатыспады.

Дональд Трамп сөйлеген сөзінде жаңа ұйымның БҰҰ-мен ынтымақтастықта жұмыс істейтінін айтты. Оның сөзінше, кеңестің бастапқы міндетінің бірі Газа секторындағы қақтығысты реттеу болмақ. Ақ үй басшысы "Бейбітшілік кеңесі" БҰҰ-ның орнын басуға ниетті емес екенін жеткізді.

"Бұл кеңес бұған дейін құрылған ең маңызды органдардың біріне айнала алады", – деді Трамп.

Айта кету керек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойғанын жазғанбыз. Мемлекет басшысы Давостағы Конгресс орталығына барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу