Дональд Трамптың Иранмен соғыс жүргізуі шектелді

1773

Бұл заң жобасын АҚШ Конгресі мақұлдады.

Дональд Трамптың Иранмен соғыс жүргізуі шектелді

30 қаңтарда АҚШ Конгресінің қауымдар палатасы ел президентінің Иранға қарсы әскери әрекет жүргізу құқығын шектейтін құжатқа қол қойды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Мемлекет бюджетінен Иранға қарсы әскери әрекеттерге қаржы бөлуге тыйым салатын құжатты 228 заң шығарушы қолдап, дауыс берген. Ал 175-і қарсы шыққан. 
2002 жылы Конгресс Ақ үй басшысына Ирактағы лаңкестерге қарсы күш қолдануға рұқсат берген болатын. Енді бұған да тыйым салынып отыр. Ол кезде заң жобасын 402 заң шығарушының 236-сы қолдаған. 

Ескере кететін жайт, 28 қаңтарда Ақ үй Трамптың бұл шектеулерге вето жариялайтынын мәлім еткен болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу