Палм-Бич (Флорида) әуежайынан Трамптың меншігіндегі Мар-а-Лагоға келе жатқан АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне белгісіз зат лақтырылған, деп хабарлайды inform.kz.
Алайда тас президент автомобилінің жанында келе жатқан көлікке тиген. Мемлекет басшысының лимузині зардап шекпеді. Арнайы қызмет осы оқиғаға қатысты тергеу жұмысын бастады. CNN дерегіне сүйенсек, оқиға 17 ақпан күні түстен кейін болған. Трамп демалыс күндерін Флоридада өткізуді жоспарлап келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу