Дональд Трамптың жақтасын өлтірді деген күдіктіні әкесі ұстап берген

105

АҚШ-та Дональд Трамптың жақтасы Чарли Киркті өлтірді деген күдікпен 22 жастағы жігіт ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамптың жақтасын өлтірді деген күдіктіні әкесі ұстап берген Фото: news.day.az

Ол Юта штатындағы Utah Valley University кампусында Чарли Кирк сөйлеп тұрған сәтте қарама-қарсы ғимараттың төбесінен оқ атты деген күдікке ілінді.

Тергеушілердің мәліметінше, Тайлер Робинсон қылмыстан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Кейін адам өлтіргенін әкесіне мойындап, отбасының полицияға хабарлауы арқылы ұсталған.

Айта кетейік, Чарли Кирктің қазасы АҚШ-та үлкен саяси резонанс тудырды. Ол бұрыннан Республикалық партияның белсенді өкілі болып, Дональд Трамптың негізгі жақтастарының бірі саналып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу