Украина Президенті Владимир Зеленский өзінің кезекті үндеуінде Ресей әскері Донбасс үшін шайқасты бастағанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ресей әскері Донбасс үшін шайқасты бастады деп айтуға болады, олар бұған ұзақ уақыт бойы дайындалды. Бүкіл Ресей армиясының басым бөлігі осы шабуылға бағытталды. Ресейдің әскерилері көп болса да, біз күресеміз, өзімізді қорғаймыз. Біз Украинаға тиесілі нәрсені бермейміз, басқа біреудікіне көз алартпаймыз", – деді Зеленский.
Сонымен қатар Зеленский Ресейдің зымырандық соққыларын "стратегиялық жөнсіздік" деп атады. Оның сөзінше, санкциялардың кесірінен Ресей зымыран қорын оңайлықпен қалпына келтіре алмайды.
"Ресей зымыран шабуылдары арқылы жағдайды түбегейлі өзгерте алған жоқ", – деді Украина басшысы.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com