Донецкіде референдумға халықтың 77%-ы қатысты

492

Донецк Халық Республикасында, осы мемлекеттің Ресей Федерациясының құрамына кіруі жөніндегі референдумда дауыс берудің үш күнінің қорытындысы бойынша халықтың 77%-ы қатысты.

Донецкіде референдумға халықтың 77%-ы қатысты

Бұл туралы ДАН агенттігі 25 қыркүйек күні кешке өткен брифингте Республика ОСК төрағасы Владимир Высоцкийдің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Үш күннің ішінде ДХР-да дауыс берушілер 77,12%-ды құрады", - деді ОСК басшысы.

Ол ДХР аумағында 1 202 855 адам, шетелде — 327 093 адам дауыс бергенін атап өтіп, өткен екі күнде халықтың 55%-дан астамы қатысқанын жеткізді. Яғни референдум өтті деп есептеледі.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу