Донецкте атыс салдарынан 27 адам қаза тапты

346

Аймақ басшысы құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты.

Донецкте атыс салдарынан 27 адам қаза тапты Фото: BBC

Украинаның Донецк қаласындағы атыс салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап. 

Аймақ басшысы Денис Пушилин құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты.

Өңірде жұмыс істейтін украин армиясының тобы "Таврия" Facebook әлеуметтік желісінде қалаға шабуыл жасамағанын, Украинаның атысқа қатысы жоқ екенін жазған. 

Ресей СІМ мұны украин күштерінің Батыс қаруын қолдана отырып "Ресейдің бейбіт халқына қарсы жасаған варварлық террористік актісі" деп атады. 

Айта кетейік, Ресей Донецк қаласы мен Украинаның шығысындағы кейбір аймақтарды 2014 жылдан бері бақылауында ұстайды. Ресей 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға қарсы "арнайы әскери операциясын" бастаған болатын. Содан бері екі ел арасындағы кескілескен шайқастар жалғасып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу