Дөнердің ішінен ұялы телефон шықты: Ақтөбеде сотталған адамға тыйым салынған зат жеткізбек болған

238

Екі 10 мың теңгелік банкноттан тұратын 20 мың теңге тәркіленді.  

Дөнердің ішінен ұялы телефон шықты: Ақтөбеде сотталған адамға тыйым салынған зат жеткізбек болған Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Ақтөбе облысындағы ҚАЖ мекемесінде сотталған адамға тыйым салынған зат жеткізудің екі әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиғалар №8 мекемеде "Тосқауыл" режимдік-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

10 тамызда ҚАЖ департаментінің №8 мекеме қызметкерлері Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Сағат 15:50 шамасында "Строй-Проф" ЖШС жүргізушісінің шалбар қалтасынан 20 мың теңге, яғни номиналы 10 мың теңгелік екі банкнот анықталып, тәркіленді.

Ал сағат 16:30 шамасында мекемеге әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде азық-түлік өнімдерінің арасындағы дөнердің ішінен сотталған адамға беруге арналған ұялы телефон табылып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша А.С. азаматына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

ҚАЖ мекемесі азаматтарға белгіленген талаптарды қатаң сақтауды ескертеді. Сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасау заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу