Донор елдер Суданға 1,5 млрд доллар гуманитарлық көмек бөледі

521

Халықаралық донор елдер Суданға көмектесу үшін 1,5 миллиард доллар көлемінде гуманитарлық көмек бөлетін болды. 

Донор елдер Суданға 1,5 млрд доллар гуманитарлық көмек бөледі Фото: UN News

Ал БҰҰ елде қалған халық пен баспаналарын тастап қашуға мәжбүр болған 2 миллионнан аса босқынға 3 миллиард доллар сұраған. 

Германия Судан мен маңайындағы аймаққа 2024 жылға дейін 200 миллион евро бөлуге уәде берді. АҚШ 171 миллион, ал Катар – 50 миллион доллар бөлетін болды. Айта кетейік, сәуір айында Суданның мемлекеттік әскері мен елдегі қарулы күштер арасында қақтығыс басталып, әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Оның салдарынан 3000-нан аса адам қаза тапты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу