Доп додасы – сөз додасы: Белгілі журналист футбол комментаторларының сөз саптауына жоғары баға берді

483

Төрткүл әлем көз тіккен футболдан Еуропа чемпионаты ойындарының бүгін бесінші күні.

Доп додасы – сөз додасы: Белгілі журналист футбол комментаторларының сөз саптауына жоғары баға берді Фото: Eibner-Pressefoto / Memmler / IMAGO / ТАСС

Доп додасы соңғы күндері әлемдік ақпарат кеңістігіндегі ең айтулы оқиғаға айналды.

Белгілі журналист Қайнар Олжай елімізде қалыптасып келе жатқан комментаторлар мектебі жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ардагер журналист "доп додасы – сөз додасы" екенін айтып, Германия құрамасының ойыншысы Жамал Мусиала гол салған сәтте комментатор Әлімжан Асқар "бақытты Жамал" деп бір ауыз сөзбен тамаша сипаттап, әлемдік доп додасында қазақ әдебиетін де дәріптеп өтті деп жазды.

Футбол мачтарында комментаторлар Мұхтар Шахановтың, Мұқағали Мақатаевтың өлең сөздерін қыстыра кетіп, тыңдаушыны баурап алу әдістерін шебер қолданып жүргенін тілге тиек етті.

Айта кету керек, Германияда футболдан еуропа чемпионаты өтуде. 24 команданың қатысуымен өтетін UEFA EURO 2024 ойындары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда өтеді.

Бүгін жасыл алаңға Түркия мен Грузия, Криштиану бастаған Порутгалия мен Чехия командалары шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу