Ауыр атлетикадан қазақстандық құрама бір жылдық диквалификация салдарынан Анахаймада (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына өткізілмеуі мүмкін, деп хабарлайды sputniknews.kz.
БАҚ ақпараттарына сәйкес, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) арнайы комиссиясының үш және одан да көп мәрте допингпен ұсталған әлемдегі тоғыз мемлекеттің ауыр атлеттеріне қатысты тексерулері өз мәресіне жақындады.
"Үш адамнан тұратын комиссия IWF атқарушы кеңесінің Пекин-2008 және Лондон-2012 кезінде атлеттерінен аттестациядан қайта өткізу кезінде допинг көрсеткіштері қалыпты болған тоғыз ұлттық федерацияны дисквалификациялау туралы ұсынысын қарастыру үшін құрылған. Комиссия осы демалыс күндері Будапештте кездесіп, IWF атқарушы кеңесінің Бухарестте 30 қыркүйек және 1 қазан күндері өтетін отырысында баяндама жасайды… тоғыз елдің барлығы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін", — деп жазады баспа беттері.
Нақты айтар болсақ, Қазақстан мен Ресей (әр құрамада 10 қалыпты допинг-тексеру), Белоруссия (жеті қалыпты сынама), Әзербайжан (бес), Армения (төрт) және Түркия, Украина, Қытай және Молдова (әр елде 3 қалыпты сынама) елінің спортшылары қатыстырылмайды.
Insidethegames хабарлауынша, бұл шешімнен АҚШ құрамасы ұтыста болатыны анық. Ол елдің ауыр атлетикадан ерлер құрамасы әлем чемпионаты кезінде 1997 жылдан бері бірде-бір медаль жеңіп алмаған (Анахаймадағы әлем чемпионаты осы жылы 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында болады).
Былтырғы жылы допинг дауына байланысты қазақстандықтардың 2008 жылы Пекинде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарындағы жеңістері жоққа шығарылды. Соның салдарынан Ильин Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға бара алмады.
2016 жылы қараша айының аяғында Халықаралық олимпиада комитеті допинг — сынамаларында тыйым салынған заттардың болуына байланысты Ильинді қос алтын медальінен айырды. Соған қарамастан, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы тамыз айында, ол үшін Ильин үнемі чемпион болып қалатынын айтқан болатын.
Сонымен қатар, қазақстандық зілтемірші қыздар Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло мен Майя Манеза да 2012 жылы Лондон олимпиадасында алған медалдарынан айырылған болатын.