Допинг дауына іліккендер Ресей атынан шыға алмайды

984

Допинг дауына іліккендер Ресей атынан шыға алмайды

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтетін жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионатына Ресей спортшылары өз елінің атынан қатыса алмайды, деп хабарлайды vesti.kz.
Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) ресми мәліметіне сүйене отырып, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтында жазылды.
IAAF мәліметі бойынша Ресей спортшылары допинг дауына байланысты Ресей елінің атынан қатыса алмайды. Олар тек бейтарап спортшы ретінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ  олардың жейделерінде ресейлік екенін көрсететін тудың суреті болмауы керек екен.
Естеріңізге сала кетейік, аталған әлемдік додада Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды. Олар - Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова (екеуі де - үш қарғып секіру), Виктория Зябкина (200 метр және 4х100 метрге эстафеталық жүгіру), Полина Репина, Георгий Шейко, Регина Рыкова, Диана Айдосова ( бәрі де - 20 шақырымға спорттық жүріс), Елена Наназиашвили (марафон), Ольга Сафронова, Юлия Рахманова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина (бәрі де - 4х100 эстафеталық жүгіру).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу