Допинг қолданған спортшыларға жаза қатаңдайды

903

Допинг қолданған спортшыға халықаралық деңгейдегі ірі жеңістері үшін берілетін сыйақы, үй және басқа да жүлделерді қайтаруды міндеттейтін жаңа заң қаралу үстінде.

Допинг қолданған спортшыларға жаза қатаңдайды Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде спорттағы допингпен күрес мәселесіне қатысты кеңейтілген бірлескен отырыс өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жиынға ҚР ҰОК басшылығы, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, қазақстандық допингке қарсы орталық директоры Майра Бақашева, ұлттық құрама команда басшылары, федерациялардың допинг бойынша жауапты тұлғалары және штаттағы дәрігерлер қатысты. Жалпы жиналыс ҚР ҰОК басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен өтті. 

Басқосудағы допинг мәселесіне қатысты сұрақтарды талқыланды. Оның ішінде, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолдануға түбегейлі қарсылық таныту бағытына басымдық берілді. 

Қазақстан ҰОК допингсіз таза күресте жеңіске жету ұстанымында қалады. Сондай-ақ, жиналғандар "таза" спортшылардың қорғау жөніндегі маңызды сұрақты да айналып өтпеді. Әсіресе, олимпиада қарсаңындағы жылда бұл мәселе өткір күйінде қалмақ. 

Осыған орай, лауазымды тұлғалар мен спортшылар өз жұмыстарын атқару барысында негізгі қағидалардың барлығын ұстануы керек. Қазақстан спорты тек қана "таза" жеңістердің арқасында дамуды көздейді. 

Одан бөлек, допинг қолданған спортшыға халықаралық деңгейдегі ірі жеңістері үшін берілетін сыйақы, үй және басқа да жүлделерді қайтаруды міндеттейтін жаңа заң қаралу үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу