Допинг қолданғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, алған сыйақыны қайтаруы мүмкін

900

Допинг қолданғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, алған сыйақыны қайтаруы мүмкін.

Допинг қолданғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, алған сыйақыны қайтаруы мүмкін

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзінше, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленуде.

"Заң жобасы допингке қатысты қағидаларды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған", – деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ заң жобасында допинг қолданғандарды мемлекет тарапынан бұған дейін берілген барлық төлемдерден айыру көзделген.

Заң жобасы тиісті органдармен келісілген. 2018 жылдың 19 шілдесінде үкіметтің қарауына жолданған.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу